Бастамашылар

Басты/Бастамашылар
Фрейман Георгий Георгиевич
Атқару Комитетінің Төрағасы
тау-кен инженері, геолог, геологиялық-минералогия ғылымдарының кандидаты, Австралия Геология ғылымдары институтының (FAIG) тұрақты мүшесі
Толығырақ…...
Фрейман Георгий Георгиевич
Атқару Комитетінің Төрағасы
тау-кен инженері, геолог, геологиялық-минералогия ғылымдарының кандидаты, Австралия Геология ғылымдары институтының (FAIG) тұрақты мүшесі

Саладағы жұмыс тәжірибесі 40 жылдан астам. 68 жарияланған мақаланың, оның ішінде 8 монография мен анықтамалықтардың, 16 нұсқаулық пен ҚР геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың бірлескен авторы, 51 геологиялық есептің, сонымен бірге 31 ТЭН мен қорлардың есебі жүргізілген есептердің бірлескен авторы.
32 Халықаралық Флоренция Конгрессінің қатысушысы болған (Италия, 2004ж.).
Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы (ҚР Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті дипломының №296, 31.03.2006 ж. берілген).
Секисовский алтын кен орнын ашқан (ҚР Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің дипломы, нөмірсіз, 29.03.2007 ж. берілген). 2007 жылдан бастап, ҚР Пайдалы қазбалары қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның сарапшысы.
JORC Code сәйкес Competent person – кен орындарын барлау, қорларын есептеу, экономикалық бағалау, қорғасын мен мырыш, колчедан-полиметалл, алтын руда, мыс-порфир, штокверк қалайы, темір рудалы скарн, калий тұздарының стратиформалы кен орындарына супервайзинг жүргізу (FAIG сертификатының №5912, 17.07.2014 ж. берілген).

 Қазіргі таңда «GeoMineProject» ЖШС Директорлар кеңесінің Төрағасы (Алматы қ.).

Каулдашев Кадыржан Амиржанович
Атқару Комитеті Төрағасының Орынбасары
Кадыржан Каулдашев Қазақ политехникалық инситутын 1980 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Қазақстанның геология саласында 35 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.
Толығырақ…...
Каулдашев Кадыржан Амиржанович
Атқару Комитеті Төрағасының Орынбасары
Кадыржан Каулдашев Қазақ политехникалық инситутын 1980 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Қазақстанның геология саласында 35 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

«Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы Басқармасының Төраға орынбасары лауазымын атқарады.

Кадыржан аз шығынды, барлау тереңдігі жеткілікті, терең 3-D объектілерге сезімталдығы жоғары, негізінде әртүрлі пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарының ашылуын күтуге болатын, экономикалық ұтымды әрі тиімді жоғары технологиялық іздестіру-барлау әдістерін таңдап және енгізе отырып, өндіріс бөлімшелерінің құрылуын тікелей басқарады.

Шығыс Қазақстандағы бірнеше алтын кен орындарын (Суздаль, Жерек, Мизек, Қостөбе, Еспе, Большевик, Бақыршық) және Солтүстік Қазақстандағы темір руда кен орындарын барлау кезінде Қазақстанның геология саласында жұмыс істегенде геологиялық барлау, тау-кен-барлау бұрғылау жұмыстарын тікелей басқарды.

Геологиялық барлау жобаларының әзірленуіне, өнеркәсіптік кондициялардың ТЭН құрылуына және қорлардың есептелу жұмыстарына, Қазақстандағы алтын, темір және полиметалл кендерінің кен орындары бойынша бизнес-жоспарларға қатысты.

Геологиялық барлау жұмыстары мен тау-кен-өндіру жұмыстарының барлық түрлерін жүргізуге техникалық және инвестициялық жобаларды, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамалар мен олардың бизнес-жоспарларын құруда жұмыс тәжірибесі бар.

Каменский Николай Геннадьевич
Атқару Комитеті Төрағасының Орынбасары
Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия сарапшысы, Қазақстан Республикасының Минералды ресурстар академиясының тұрақты мүшесі.
Толығырақ…...
Каменский Николай Геннадьевич
Атқару Комитеті Төрағасының Орынбасары
Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия сарапшысы, Қазақстан Республикасының Минералды ресурстар академиясының тұрақты мүшесі.

1991 жылы Ленин атындағы ҚазПТИ геологиялық барлау факультетін үздік аяқтаған. Тау-кен инженер-геофизигі біліктілігін алған.
2008ж.– қазіргі уақыт аралығында - «Заречное» БК» АҚ тәуелсіз директор.
2010-2011гг - 2010-2011 жж. – ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Орталық барлау және игеру комиссиясының тәуелсіз мүшесі.
2014ж. – қазіргі уақыт аралығында – ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Орталық барлау және игеру комиссиясының тәуелсіз мүшесі.
2015 ж. – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы сараптық геология кеңесінің мүшесі.
2016 ж. – ҚР Минералды ресурстар академиясының тұрақты мүшесі.
Кәсіби тәжірибе: 1984-1986жж. – Қаратау тауларында Геохимиялық экспедицияға, Николаевка аэрогеофизикалық экспедицияға қатысу, Құмкөл мұнай кен орнында ВП әдісімен, аэрогеофизикалық деректерді өңдеу кафедрасында тәжірибелік жұмыстар қою.
1991-96 жж. - Қаз ВИРГ – кен денелерінің геофизикалық деректерін модельдеу зертханасы. Инженерлік геофизика.
1996 г - 1996 ж. – ҚР Өнеркәсіп министрлігі жанындағы ғылыми-өндірістік консалтингтік орталықтың кеңесшісі.
1997-2011жж. - «Кен-экономикалық консалтинг» ЖШС бас менеджері, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге бүкіл рұқсат құжаттарын алу жұмыстарын үйлестірген.
2003 ж. – қазіргі уақыт аралығында – «Два Кей» компаниясы инжинирингтік-консалтингтік тобының директорлар кеңесінің Төрағасы.

Чиналиева Алия Муратовна
Атқару Комитетінің Хатшылығының Басшысы
Кошко Константин Адамович
Атқару Комитеті мүшесі
Константин, қатты денелі пайдалы қазбалар кен орындар іздеу, бағалау, барлау және игеру саласында 30 жылдық тәжірибесі бар геолог.
Толығырақ…...
Кошко Константин Адамович
Атқару Комитеті мүшесі
Константин, қатты денелі пайдалы қазбалар кен орындар іздеу, бағалау, барлау және игеру саласында 30 жылдық тәжірибесі бар геолог.

1985 жылы Қазақ политехникалық инситутының геологиялық барлау факультетін аяқтады. Тау-кен инженер-геологы біліктілігі бар.
1997 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі кен орындарды іздестіру жұмыстарында қызмет атқарды.
Бұдан соң 2000 жылға дейін Солтүстік Қазақстан мен Қырғызстан кен орындарында, Cameco Gold , BHP Minerals компанияларында геолог, дала жұмыстарының менеджері болып жұмыс істеді. Өндіріске Surpac, Micromine арнаулы бағдарламалық жасақтамасы мен JORC кодексінің принциптерін енгізген алғашқылардың бірі болды.
2000 – 2003 жж. Қазақстан мен Түркменстандағы мұнай кен орындарында Halliburton International Inc компаниясының құрамында геолог болып жұмыс істеді.

Кейін және қазіргі уақытта жекеменшік консалтингтік компанияның құрамында Қазақстан Республикасындағы, Қырғызстандағы және Ресейдегі алтын, полиметал, мыс, никель кен орындарын барлаумен, геологиялық және экономикалық бағалаумен, ТЭН және Қорларды есептеу бойынша есептерді құрумен айналысады. AMC, Hatch, Wardell Armstrong сияқты компаниялармен бірігіп, жобалардың жұмысына қатысқан. MICROMINE компаниясының Қазақстандағы өкілі болып, ТМД елдерінде ММ бағдарламалық өнімдері мен JORC кодексінің ережелерінің танымалдығын арттырумен айналысты. Қазақстан мен Түркменстандағы мұнай кен орындарын барлау саласында жұмыс тәжірибесі бар. Бұрынғы Одақ елдерінің геологиялық есептілік стандарттары ммен батыс стандарттарын игерген.

«Қазақстан Минерал Компании» ЖШС (Kazakhstan Mineral Company) консалтингтік компаниясының басшылық құрамына кіреді және 2014 ж. бастап, ЦКРР мен ГКЗ РК сарапшысы, Australian Institute of Geoscientists мүшесі болып табылады.

Данилов Владимир Викторович
Атқару Комитеті мүшесі
Владимир алтын руда, мыс және полиметалл кен орындарын барлау, бағалау және игеру саласында 30 жылға жуық тәжірибесі бар геолог.
Толығырақ…...
Данилов Владимир Викторович
Атқару Комитеті мүшесі
Владимир алтын руда, мыс және полиметалл кен орындарын барлау, бағалау және игеру саласында 30 жылға жуық тәжірибесі бар геолог.

Австралия Геофизиктер Институтының мүшесі.

Бұрынғы Одақ стандарттары мен батыс стандарттарын, геологиялық есептілік стандарттарын меңгерген.

1986 жылы Қазақ политехникалық институтының геологиялық барлау факультетін аяқтаған, тау-кен инженер-геологы біліктілігі бар.

1995 ж. дейін Оңтүстік Қазақстанның алтын кен орындарын барлау және игеру саласында жұмыстар атқарды.

2000 жылға дейін Солтүстік Қазақстан мен Қырғызстанның алтын руда кен орындарында Cameco Gold компаниясы мен оның осы елдердегі бірлескен кәсіпорындарында геолог, дал жұмыстарының менеджері болып жұмыс істеді. Компания үшін ресейлік кен орындарын бағалау жұмыстарына қатысты.

2000 – 2004 жж. Солтүстік Қазақстандағы «Васильковское Золото» компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары лауазымын атқарып, геологиялық барлауға басшылық етті, банктік ТЭН әзірленуін үйлестірді.

Бұдан кейін, 2014 ж. дейін «Қазақстан Минерал Компании» ЖШС (Kazakhstan Mineral Company) жекеменшік консалтингтік компаниясының құрамында бірқатар елдерде алтын, полиметалл, мыс, никель кен орындарын барлаумен, геологиялық және экономикалық бағалаумен айналысты.

Терең горизонттарды барлаумен, іздестіру жұмыстарымен айналысып, тау-кен жұмыстарын жоспарлау департаментін басқарды (Васильковское кен орны), Солтүстік Қазақстандағы ірі алтын өндіру кәсіпорнын (Қазақалтын/Полюс Голд) геологиялық барлау бойынша бас геолог қызметін атқарды.

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан (Казцинк/Гленкор) бойынша геологиялық барлау жұмыстарының басшысы болып табылады.

Еньшин Николай Викторович
Атқару Комитеті мүшесі
Тау-кен инженер, СРК Қазақстан кеңсесінің Бас менеджері лауазымын атқарады.
Толығырақ…...
Еньшин Николай Викторович
Атқару Комитеті мүшесі
Тау-кен инженер, СРК Қазақстан кеңсесінің Бас менеджері лауазымын атқарады.

СРК Консалтинг Бас менеджері (Қазақстан) СРК 2007 жылы келмей тұрып, Ресей мен Қазақстанда тау-кен өндіру саласында жұмыс істеді. Кеніштерді стратегиялық жоспарлау және бағалау, тау-кен жұмыстарының өнімділігін арттыруды басқару, шахталар жобалау, сондай-ақ жаңа технологияларды іске асыру саласында қызмет етті. Николай мырыш, қорғасын, қалайы, алтын, уран және т.б. минералдарда жұмыс істеген. СРК Николай тұрақты кондиция, ТЭН алды, ТЭН және пайдалануға енгізу, Сараптамалар, ҚОӘБ бойынша геологиялық барлаудан ТЭН дейінгі жобаларға қатысқан. Ресей мен Қазақстанда әртүрлі деңгейдегі бірнеше уран жобаларына жетекшілік еткен. ОКМСОЗ Қазақстан үшін есептілік кодексінің әзірленуіне белсенді қатысты. Мұнымен қоса, Қазақстанда кәсіби ұйымның құрылуына жоғары үлесін қосты.

Дараев Асан Иркинович
Атқару Комитеті мүшесі
Асан Дараев Қазақ Ұлттық Техникалық Университеттің түлегі, саладағы жұмыс тәжірибесі 18 жылдан асады.
Толығырақ…...
Дараев Асан Иркинович
Атқару Комитеті мүшесі
Асан Дараев Қазақ Ұлттық Техникалық Университеттің түлегі, саладағы жұмыс тәжірибесі 18 жылдан асады.

Алтын мен түсті металдардың бірқатар кен орындарындағы минералды шикізаттың кондиция параметрлерінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп, қор есебін жүргізе отырып, есептерді зерделеу және дайындау жұмыстарының бірлескен авторы болып табылады. Әкімшілік жұмыстарды орындауда мол тәжірибесі бар. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінде жұмысын қарапайым маманнан бастаған ол Басқарма бастығы лауазымына дейін көтеріліп, Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалар қоры жөніндегі Мемлекеттік комиссия (ҚР ҚМК) мүшесі, кейіннен тәуелсіз сарапшысы болды. Қазақстан Республикасы аумағында қолданып жүрген қатты пайдалы қазбалар қорын бағалау және жіктеу әдістемесін меңгерген. AIG тіркелген мүшесі.

Усольцев Игорь Иванович
Атқару Комитеті мүшесі
Ғылым кандидаты, Австралияның Геофизиктер институтының мүшесі, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік Техникалық Университетін Тау-кен ісі және геология мамандығы бойынша үздік аяқтаған.
Толығырақ…...
Усольцев Игорь Иванович
Атқару Комитеті мүшесі
Ғылым кандидаты, Австралияның Геофизиктер институтының мүшесі, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік Техникалық Университетін Тау-кен ісі және геология мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

Игорьдің Қазақстандағы кен өндіру өндірістерінде дала жұмыстарын да, кеңес беру жұмыстарын да іске асыруда, келісімшарттарды дайындаудан, геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламалары мен өндіріс кезеңдерін жоспарлауға дейін 18 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Игорь 2013 жылға дейін 4 жыл аралығында Alrani Mining Consultancy Ltd бас геологы болып, Геология департаментіне басшылық етті. Бұл қызметте ол никель, мыс, қорғасын және мырыш кен орындарында жұмыс істейтін кен өндіру компанияларына кеңестер берді. ТЭН, минералдар қорын, көмір кен орындарының қорын есептей отырып дайындалған есептердің авторы болды. Қазақстан Республикасының ҚМК сарапшысы ретінде Қазақстанның есептілік кодексіне сәйкес пайдалы қазбалар кен орындарының қорларын әсіресе, геологиялық блокты модельдеу, ресурстарды блокты модельдеу негізінде есептейді және экономикалық бағалайды. 2013-2015 жж. Игорь Намибияда СРК Аға геолог және Дала бағдарламаларының жетекшісі лауазымын атқарып, сирек кездесетін металдардың жаңа кен орындарын іздестіру және барлау жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі уақытта Игорь Қазақстан Республикасының тау-кен өндіру компанияларына көптеген қызмет түрлерін ұсынатын «Mineral Exploration Consultants» жекеменшік консалтингтік компаниясының қорлардың есебі жүргізілумен есептер мен ТЭН әзірлеу, геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі Директоры әрі иеленушісі болып табылады.

Уразаева Сәуле Бахтиарқызы
Атқару Комитеті мүшесі
қазіргі уақытқа дейін KAZRC қауымдастығының атқарушы директоры
Толығырақ…...
Уразаева Сәуле Бахтиарқызы
Атқару Комитеті мүшесі
қазіргі уақытқа дейін KAZRC қауымдастығының атқарушы директоры

1979 жылы Мәскеу геологиялық барлау институтын үздік бітірген. Мамандығы – «Тау-кен инженері-геофизик». Ғылыми дәрежесі – техникалық ғылымдар кандидаты (1997 ж., Мәскеу).

1979-1997 жж. ҚР ҚазСРО Геология және күзет министрлігі жүйесінде еңбек етті, геофизик, ғылыми-техникалық ақпарат бөлімінің жетекшісі, бастығы, ҚР минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығының бас директоры.

1997-1998 жж. ҚР Табиғи ресурстар министрлігі – экологиялық жобаларды жоспарлау басқармасының бастығы.

1998-2003 жж. «Қазақойл» АҚ ұлттық компаниясы, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ. Геология және геофизика департаментінің директоры, жаңа жобалар департаменті, Геология және кен орындарын әзірлеу департаментінің директоры.

2003- 2011 жж. «КАЗГЕОКОСМОС» АҚ. Басқарма Төрағасы.

2011-2012 жж. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Казгеоинформ» РЦГИ. Басшы. Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті. Комитет төрағасының орынбасары.

2012 – қазіргі уақытқа дейін «Қазгеология АҚ, Басқарма төрағасының кеңесшісі.

2015 жылдан бастап – қазіргі уақытқа дейін KAZRC қауымдастығының атқарушы директоры.

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің жанындағы Геология және жер қойнауын пайдалану сарапшылар кеңесінің мүшесі.

ПОНЭН, SME кәсіби ұйымдарының мүшесі.

Душекенов Азамат Байтлеуович
Толығырақ…...
Душекенов Азамат Байтлеуович

Душекенов Азамат Байтлеуович 1972 жылы Қазақ политехникалық институтының геологиялық барлау факультетін аяқтаған. Геолог, гидрогеолог, жылжымалы дала партиясының бастығы, бас инженер лауазымдарын атқарған. 1984-1993жж. — Ақтөбе гидрогеологиялық дала экспедициясының бастығы. 1994 жылы «Ақтөбе-гидрогеология» АҚ президенті болып тағайындалған, 1998 жылдан бастап — «Ақпан» ЖШС бас директоры. Наградалары мен берілген атақтары.
Наградалары мен берілген атақтары: ҚазақКСР құрмет кітабына енгізілген (1976ж.), «Жер қойнауын барлаудағы ерең еңбегі үшін» медалімен (1985 г.), «Жер қойнауын барлау озаты» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005ж.) марапатталған. «Ақтөбе облысының жыл адамы» (2004 ж.) және «Құрметті жер қойнауын барлаушы» (2009 ж.) атақтары тағайындалған. ҚР Индустрия және сауда министрлігі «Қызмет көрсету саласындағы жылдың үздік кәсіпкері» номинациясы бойынша жеңімпаз деп таныған (2008 ж.). 2012 жылдың қазанында Халықаралық минералды ресурстар академиясы (ХМРА) академик етіп сайлаған. 2012 жылдың 5 желтоқсанында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған.

Хамзин Берикбол Серикбаевич
ПОНЭН мүшесі
Берікбол В.И. Ленин атындағы Қазақстан политехникалық университетінің түлегі. Мамандығы «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау және геология», біліктілігі «тау-кен инженер-геологы»
Толығырақ…...
Хамзин Берикбол Серикбаевич
ПОНЭН мүшесі
Берікбол В.И. Ленин атындағы Қазақстан политехникалық университетінің түлегі. Мамандығы «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау және геология», біліктілігі «тау-кен инженер-геологы»

2005-2007 жж. Томск политехникалық университетінде «Мұнай және газ геологиясы» бағдарламасы бойынша кәсіби қайта дайындықтан өтті.

Қазіргі уақытта «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясының Бас геологы болып табылады. Берікбол Қазақстанны, ТМД елдерінің және әлем елдерінің бірқатар басылымдарында жарық көрген 80 астам мақаланың авторы әрі бірлескен авторы болып табылады. Бұған қоса, ол бірлескен авторлықта Орталық және Солтүстік Қазақстандағы геология және экология мәселелері бойынша екі монография, сондай-ақ қазақ тілінде жалпы геология бойынша оқулық жазған..

Тоғай 1 және Тоғай темір рудасы кен орындарын ашқаны үшін 2001 жылы дипломмен және «Қазақстан Республикасы кен орындарын тұңғыш ашушы» төсбелгісімен марапатталды. Мемлекет алдындағы нәтижелі жұмысы мен қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай ҚР президентінің алғыс хатын алды. 2002 ж. – «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» белгісімен және дипломымен марапатталды. Берікбол Халықаралық ақпараттандыру академиясының тұрақты мүшесі және Қазақстан Республикасының Минералды ресурстар академиясының корреспондент мүшесі..

Қазақстандық делегация құрамында Бразилиядағы (2000 ж.), Италиядағы (2004 ж.), Норвегиядағы (2008 ж.), Австралиядағы (2012 ж.) Халықаралық геологиялық конгрестерге қатысқан.
Берікбол өз қызметінің мәніне қарай геологиялық барлау жұмыстарының перспективалы және ағымдағы даму жоспарларының негізгі бағыттарын әзірлеу жұмыстарына, геологиялық барлау жұмыстарының жүргізілу әдістемесінің таңдалуына жетекшілік етеді, жер қойнауының геологиялық құрылымының кешенді зерттелуін қамтамасыз ете отырып, геологиялық-іздестіру және іздестіру-барлау жұмыстарының барлық түрлерін басқарады, сондай-ақ өндіріске ұтымды, инновациялық іздестіру және барлау әдістерінің, геолгия саласындағы ең соңғы жетістіктер мен озық тәжірибенің қолданысқа енгізілуін ұйымдастырады. Геологиялық барлау инвестициялар тарту үшін объектілердің дайындығына баса мән аударады.

Сондай-ақ Берікбол мемлекет бюджетінің де, жер қойнауын пайдаланушылардың да қаражаты есебінен өткізілетін геологиялық барлау жұмыстарының жобаларын әзірлеуге, орындалған жұмыстар бойынша есептердің қаралуына жеке қатысты. Осылайша 2012-2014 жж. кезең аралығында оның басшылығымен пайдалы қазбалардың әртүрі бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40 астам жоба әзірленді. 2014 жылы тартылған инвестициялар есебінен CORES (Корея) компаниясы үшін – Дүйсембай учаскесі, ILUKA (Австралия) геологиялық барлау жұмыстарының жобаларын әзірледі. Мұнымен қоса ол ULMUS (Германия), JOCMEC (Жапония) компанияларымен бірлескен қызмет атқару үшін келешегі зор алаңды ұсынып, мақұлдау алды.

2016 жылдың 15 маусымында Астанада өткен «Алтын Гефест» сыйлығының «Жыл геологы» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды.

Агафонов Виктор Александрович
Бүкілодақтық сырттай политехникалық институтының тау-кен инженер-геолог мамандығы бойынша тау-кен факультетінің түлегі.
Толығырақ…...
Агафонов Виктор Александрович
Бүкілодақтық сырттай политехникалық институтының тау-кен инженер-геолог мамандығы бойынша тау-кен факультетінің түлегі.

Кәсіби тәжірибе:

2000 ж. қаңтарынан бастап, осы уақыт аралығында – «Геоинцентр» ЖШС Алматы қ.
Лауазымы: Жетекші геолог. Лауазымдық міндеттері:
- қорларды есептеу және оның негізінде алтын, (Cu, Pb, Zn) түсті металл, қара металл (Mn, Cr) кен орындары үшін кондициялардың ТЭН әзірлеу, ТЭН негізінде ҚР ҚМК кондицияларды бекіту; - бекітілген кондициялардың негізінде кен және металл қорларын есептеу, қорлардың есептеуі жүргізілген есептерді ҚР ҚМК қорғау.

1996 жылдың қазаны – 1998 жылдың сәуірі - ҚР Геомин ГУМР Алматы қ.
Лауазымы: жетекші геолог. Лауазымдық міндеттері:
-ҚР минералды-шикізат базасының ахуалы жайлы жалпылама есептеп құру; - МСБ одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар дайындау.

1993 жылдың қазаны - 1996 жылдың наурызы - ҚР Өнеркәсіп министрлігі, Алматы қ.
Лауазымы: Жетекші геолог, ГМК департаменті бөлімінің бастығы. Лауазымдық міндеттері:
- кен департаментінің кәсіпорындарын модернизациялау жоспарларының іске асырылуына қатысу; - жер қойнауын пайдалану бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша ведосмтваралық топтардың жұмысына қатысу; - жер қойнауын пайдалану келісімшарттарының дайындалуына қатысу.

1984 жылдың мамыры – 1993 жылдың қыркүйегі - ҚазКРО Алматы қ. ЦКГРиТЭ МЦМ
Лауазымы: Жетекші геолог, сараптау тобының бастығы. Лауазымдық міндеттері:
- геологиялық барлау жұмыстарына жобалар мен сметаларды сараптау.

1962 ж. қазаны мен 1998 ж. сәуірі аралығында СЕВЕРОВОСТОКЗОЛОТО, Валькумей кеніші, Валькумейская ТКК, Певекский КБК.
Лауазымы: сынама алушы, геолог, аға геолог, ТКК бас геологы, КБК бас геологы. Лауазымдық міндеттері: сынама алу, кен қазылымдарын құжаттау, ай сайынғы жоспарларды әзірлеу, сынама алынған қорларды есептеу, ГБЖ бойынша жыл сайынғы жобалар мен есептер, комбинат бойынша бір жылға арналған игеру жоспарын дайындау, комбинат бойынша қаржылық жоспардың әзірленуіне қатысу, комбинаттың геологиялық қызметіне жетекшілік ету.

Дергачев Евгений Васильевич
Тау-кен инженер-геологы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының түлегі.
Толығырақ…...
Дергачев Евгений Васильевич
Тау-кен инженер-геологы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының түлегі.

Жұмыс тәжірибесі:

04.2004ж. – қазіргі уақыт аралығында - «Геолсервис» Консалтингтік-өндірстік компаниясы» ЖШС - директор.
Алтын (Әулие, Абыз) және полиметалл (Дружное, Родниковое, Берқара, Шығыс Ақжал, АякқКоджан, Иртышское, Жаман-Айбат, Жезқазған (Степной кеніші) кен орындарының қорларын есептей отырып, Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша өнеркәсіптік кондициялар мен есептердің ТЭН әзірлеу.

06.2000-04.2004ж. – «АБС-Балқаш» ТКК» ААҚ - жетекші геолог, тақырыптық партия бастығы.
Жер қойнауын пайдалануға жұмыс бағдарламалары мен келісімшарттарын дайындау, Қарағанды облысындағы Карьерное кен орнының тотыққан руда қорларының шұғыл есебін жүргізу және есепті ҚР ҚМК бекіту.

04.1990-07.1996ж. - Қазақстан дизайнерлерінің одағы - тас кесу цехінің бастығы.
Дизайнерлік мақсатта тас түсті материалды жинау және өңдеу..

02.1988 -04.1990ж. – Агадыр ГРЭ - I категориялы геолог.
Көктенкөл кен орнын барлау, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша есеп дайындау, қорлардың есебін жүргізу, КСРО ҚМК бекіту.

04.1987-01.1988г - 04.1987-01.1988ж. – Іздестіру-түсіру экспедициясы - отряд бастығы.
Қызылорда облысын тереңдікті геологиялық капталау, түйінді фосфориттер іздеу.

10.1985-04.1987ж.– Георгий ГРП - аға геолог.
Яны-Курган ауданында түйінді фосфориттер іздеу.

06.1983-10.1985ж.– Ақтоғай ГРП - геолог, отряд бастығы, аға геолог.
Айдарлы кен орындарын барлау, қорлардың есебін жүргізе отырып, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша есеп дайындау, КСРО ҚМК бекіту.

09.1982-03.1983ж. - КСРО Стройбанкінің Алма-Ата облккеңсе - аға инженер.

02.1981-08.1982ж.– Қазақстан геологиялық-геофизикалық экспедициясы – отряд бастығы.
Аэрогамма-спектрометрлік ауытқуларға жер үсті тексеру жүргізу.

05.1980-01.1981г - 05.1980-01.1981ж. - КазИМСа орталық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы – отряд бастығы.1:200 000 масштабта геологиялық зерттеу.

04.1979-05.1980г - 04.1979-05.1980ж. – Волков экспедициясы, №5 партия - геолог.
Гидроген типті уран кен орындарын іздеу.

10.1974-03.1979г - 10.1974-03.1979ж – Қазақ минералды шикізат институты – инженер, боксит геологиясы бөлімінің аға инженері.
Ифогендік әктастардағы формация ішілік үзілулерді іздеу және бағалау, жұмыс нәтижесі бойынша тақырыптық есептер дайындау.

Поречин Аркадий Аркадьевич
Гамаюнов Владимир Александрович
Толығырақ…...
Гамаюнов Владимир Александрович

1973 жылы Қарағанды политехникалық институтын тау-кен инженер мамандығы бойынша бітірген. 1973 жылдан бастап – ОҚАГБ (Оңтүстік Қазақстан Аумақтық Геологиялық басқармасы) Оңтүстік – Қазақстан алтын кен экспедициясының Ақбақай ТКК тау-кен шебері. 1974 жылдан бастап – Ақбақай ТКК шахтасының бастығы. 1977 жылдан бастап - Ақбақай ТКК бас инженері. 1979 жылдан бастап - «Южказгеология» ПГО Оңтүстік – Қазақстан геологиялық – геофизикалық экспедициясының тау-кен партиясының бастығы 1996-2012 жж. - «Ескендір ТКК» ЖШС директоры. 2012 жылдан бастап – «Ескендір ТКК» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы .

Ержанов Руслан
ПОНЭН мүшесі
Wardell Armstrong Қазақстандағы кеңсесінің Бас директорының м.а. лауазымын атқаратын аға ресурстық геолог
Толығырақ…...
Ержанов Руслан
ПОНЭН мүшесі
Wardell Armstrong Қазақстандағы кеңсесінің Бас директорының м.а. лауазымын атқаратын аға ресурстық геолог

Руслан 10 жылдан астам уақыттан бері тау-кен геологы және барлау геологы болып жұмыс істейді. ТМД елдеріндегі көптеген тау-кен жобаларында жұмыс істеген. Бұрғылау бағдарламаларын басқару және жүзеге асыру, пайдаланушылық барлау, сынама дайындалу сапасын бақылау жүйелерін іске асыру және зертханалық-саралау жұмыстарын жүргізген. 2013 жылдан бері WAI жұмыс істей келе, негізінен минералды ресурстарды бағалаумен және басқа да техникалық зерттеулермен, оның ішінде техникалық сараптама туралы есептердің бөлімдерін, бастапқы ТЭН, JORCб CIM стандарттары мен Орталық Азиядағы, Ресей мен Еуропада металл өндіру жобалары бойынша құзырлы тұлғаның есептерін әзірлеумен айналысқан. Руслан Micromine, Datamine және Surpac сияқты бағдарламалық жасақтамалардың пайдалану дағдыларын жақсы меңгерген. Лондон Геологтары Қоғамдастығының (GSL) мүшесі болып табылады.

Анисимова Татьяна Анатольевна
ПОНЭН мүшесі
Толығырақ…...
Анисимова Татьяна Анатольевна
ПОНЭН мүшесі

1992ж. бастап, 1995ж. дейін Алматы Экономикалық Колледжінде Коммерциялық қызметті ұйымдастырушы мамандығы бойынша білім алды. 2004 ж. Мәскеу Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын аяқтап, экономист біліктілігін алды;
2000ж. бастап, 2003ж. аралығында «ФУДМАСТЕР» ААҚ Компаниясында экономист болып жұмыс істеді. 2005ж. полиграфия саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты – ЖК Назарова Т.А. «НазаретПринт» типографиясы.
2005-2006жж. «БАХУС» АҚ мониторинг және салықтар бойынша бухгалтер лауазымын атқарды.
Кейін 2011ж. дейін «Transworks LTD» ЖШС ТМҚ бойынша экономист және бухгалтер лауазымын атқарды.
Бұдан соң 2013ж. дейін INTELLPACK компаниясының Атқарушы директоры қызметін атқарды.
2013ж. бастап, осы уақыт аралығында «Қазақстан Минерал Компании» ЖШС қоғамдық мәселелер және байланыс бойынша кеңесші; экономист (кондициялардың ТЭН және қатты пайдалы қазбалардың қорларын есептеу) лауазымдарын атқарды.

Сагиев Гани Токтамысович
Алтын рудасы кен орындарын игеруде, көмір және сирек кездесетін металдар саласындағы жобаларды басқаруда 15 жылға жуын тәжірибесі бар тау-кен инженері.
Толығырақ…...
Сагиев Гани Токтамысович
Алтын рудасы кен орындарын игеруде, көмір және сирек кездесетін металдар саласындағы жобаларды басқаруда 15 жылға жуын тәжірибесі бар тау-кен инженері.

1987 жылы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін аяқтаған. Тау-кен инженері біліктілігі бар. Мамандығы – рудалы кен орындарды жер асты игеру технологиясы.
1993 ж. кен мен сыйымды тау жыныстарының опырылуымен игеру жүйесімен кен игеру технологиясы тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Тау-кен жұмыстарының технологиясына арналған 6 патенттің және 10 жуық мақаланың бірлескен авторы.
1998 ж. дейін «Қазақалтын» КМК АҚ кеніштерінде бас кенші, бас инженер, кеніш бастығы, инженерлік басқарманың бастығы лауазымдарын атқарып келген.
2002-2005 жж. – Солтүстік Қазақстандағы «Васильковское золото» БК АҚ басшылық етті.
2010-2011 жж. –«Қазақалтын» КМК АҚ директорының жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарды.
2011 ж. біраз уақыт «Таукен Самұрық» ҰК АҚ Басқарма төрағасының м.а. лауазымын атқарып, кейіннен бірқатар елдерде алтын, полиметалл, мыс, никель кен орындарын барлайтын, геологиялық және экономикалық бағалайтын жекеменшік консалтингтік компанияда жұмыс істеді.
2013 ж. бастап, қазіргі уақыт аралығында Солтүстік Қазақстанның алтын кені, сирек кездесетін металдар, көмір саласындағы жобаларды дамытатын компаниялар тобында («Қазкөмір» КӨК ЖШС, «Қазкупрум» ЖШС, «Түрік Қазына» ЖШС) жұмыс істейді.

Ниценко Павел Александрович
ПОНЭН мүшесі
Пайдалы қазбаларды бағалау бойынша түрлі жобаларға қатысуда тәжірибесі бар геолог.
Толығырақ…...
Ниценко Павел Александрович
ПОНЭН мүшесі
Пайдалы қазбаларды бағалау бойынша түрлі жобаларға қатысуда тәжірибесі бар геолог.

Қазақ Мемлекеттік Университетін (1997ж.) аяқтаған соң Солтүстік Қазақстанда алтын үйінділерін іздеу жобасының жұмысына қатысқан. Осыдан кейін 10 жылдан астам уақыт Қазақстан Республикасының Геология комитетінде жұмыс істеген. Қазіргі таңда ҚАЗГЕОЛОГИЯ мемлекеттік геологиялық барлау компаниясындағы геология департаментінің бастығы лауазымын атқарады. Бұл жерде ол қара металл кен орындары бойынша бастапқы ТЭН бойынша және алтын мен түсті металл бойынша әртүрлі іздестіру, геологиялық барлау жобаларының іске асырады.

Павел A. Ниценко CRIRSCO-2014 Қазақстандық Кодексінің әзірленуіне қатысқан.
Павел A. Ниценко геология және минералогия ғылымдарының кандидаты, пайдалы қазбалар туралы бірқатар мақалалардың авторы.

Исмаилов Улжабай Жумагалиевич
ПОНЭН мүшесі
Миасс геологиялық барлау техникумын (Миасс қ.) тау-кен факультетін «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау техникасы» мамандығы бойынша аяқтады.
Толығырақ…...
Исмаилов Улжабай Жумагалиевич
ПОНЭН мүшесі
Миасс геологиялық барлау техникумын (Миасс қ.) тау-кен факультетін «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау техникасы» мамандығы бойынша аяқтады.

1988 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (ҚазПТИ) (Алматы қ.) «Геологиялық түсірілім, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу және барлау» мамандығы бойынша бітіріп, "Тау-кен инженер-геолог" біліктілігін алған.

1975 жылдан бастап – Оңтүстік-Қазақстан аумақтық геологиялық басқарманың Орталық геофизикалық экспедиция отрядының бастығы. 1977 жылдан бастап – Торғай геологиялық экспедициясы бастығының орынбасары (Арқалық қ.). 1986 жылдан бастап, "Севказгеология" бірлестігінің Қостанайй геологиялық-геофизикалық экспедициясы бастығының орынбасары лауазымын атқарған. 1991 жылдан бастап – Солтүстік Қазақстан өндірістік геологиялық бірлестігінің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы 1995 жылдан бастап – "Геобайт" АҚ президенті.

2000 жылдан бастап, қазіргі уақыт аралығында –"Геобайт-Инфо " ЖШС бас директоры. КСРО және Қазақстан Республикасы медальдері мен грамоталарымен, «Одақ жұлдызы» орденімен марапатталып, «Пайдалы қазбалар кен орындарын ашқан алғашқы адам», «Құрметті жер қойнауын барлаушы» атағына ие болған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген геологы, Халықаралық Минералды ресурстар академиясының тұрақты корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының Минералды ресурстар академиясының мүшесі.

Исмаилов О. Ж. «Қазақстан Республикасының Өндірістік геологиялық ұйымдары қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, «ГИС Ассоциации» (Ресей) мүшесі, ТМД қатысушы елдердің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің мүшесі әрі тұрақты қатысушысы, Геология, геодезия және картография жұмыскерлері кәсіподағының Орталық комитетінің мүшесі.

Пятков Борис Анатольевич
Толығырақ…...
Пятков Борис Анатольевич

«Геос» ЖШС бас директоры

В.И. Ленин атындағы политехникалык институтты аяқтады, тау инженер-геолог. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан политехникалық университті.

Экономика және менеджмент институтының - эксперт-бағалаушы.

Қазақстан Республикасының жер қойынау барлауының уздігі.

Геологиялық аясында тәжирібесі - 30 жыл астам.

Көп полиметаллдық кең орындарының, байырғы және ұсақ алтын, тас көмірінің, сланецтерінің, кенсіз материалдарының Зырян ауданында және облысының өзге де жерлерінде іздеуін және барлауын өткізген.

Басшылығымен және қатысуымен, полиметалдық кен және металл кондициялары және қорлары, алтын, мыс, молибден, тас көмір, металл емес пайдалы қазбалар, техногендық минералды қурылулар, жер асты сулар /50ден астам кен орындар / ҚР ГКЗ-да саналған және бекітілген. Сондай-ақ оның қатысуымен, Чукотка, Тау Алтай / Ресей Федерациясының / алтын кен қорларының және кондициялар РФ ГКЗ-да бекітілген.