РМЦ БАСПАСӨЗ-КОНФЕРЕНЦИЯ

10.02.2016 ж. РМЦ өткен: «қатты пайдалы қазбалардың қорлары мен көмірсутек шикізаты бойынша есептіліктің CRIRSCO халықаралық жүйесін енгізу арқылы жер қойнауы саласының ашықтығын арттыру» №74 қадамды іске асыру туралы баспасөз-конференция:

Қазақстанның тау-кен-геологиялық экономика секторына инвестициялар көлемін арттыру мәселесі шетелдік инвестицияларды тартусыз шешіле алмайды. Бұл мәселені шешу үшін геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері мен минералдық қорлар туралы есептер ашық болып, бүкіл әлем инвесторларына түсінікті болатын халықаралық стандарттарға сай дайындалу қажет.

Геологиялық есептіліктің ішкі стандартының одан әрі пайдаланылуы халықаралық қауымдастыққа түсініксіз социализмнің жоспарлы экономикасына сай (өнеркәсіптік кондициялар, баланстық және балансқа кірмейтін қорлар) бірқатар ескірген негізгі ұғымдардың болуына байланысты бұл процесті тежейді.

Жоғарыда айтылғандарға сай есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу дауланбайды. Бұл үшін 2015 жылы KAZRC Қауымдастығының құрылуымен және Қазақстанның Ашық есептілік кодексінің әзірленуімен қатар Қазақстанда Құзырлы тұлғалар институтын қалыптастыруға бағытталған «Жер қойнауының тәуелсіз сарапшыларының кәсіби бірлестігі» Қоғамдық бірлестігі – «ЖҚТСКБ » құрылды. Ал құзырлы тұлғалар болса, өз кезегінде халықаралық стандарттар бойынша ашық есептіліктің дайындалуын қамтамасыз ету тиіс. Бүгін де Құзырлы тұлғалар институтының құрылуына негіз бар. Осылайша, ЖҚТСКБ құрылуына бастамашы болатын қазақстандық мамандар арасында геологтар мен тау-кен инженерлері бар. Бұл мамандар CRIRSCO Комитеті мойындаған Австралия геологтар мен геофизиктер институты, Лондон геологиялық қоғамы, Австралия кен-металлургиялық институты сияқты кәсіби бірлестіктердің мүшелері болып табылады. ЖҚТСКБ құрылымында Атқарушы Комитет, Қатты пайдалы қазбалар секциясы, Уран кен орындары секциясы мен Тәртіптік Комиссия құрылды. Тәртіптік комиссия Құзырлы тұлғалардың Этика Кодексін орындауын бақылауға арналған.

ЖҚТСКБ басты міндеті – Бірлестікке геология және кен-металлургия секторларының барлық салаларындағы мамандарды бірлестікке тарту, үзбей оқыту арқылы Бірлестікке кіретін мамандардың біліктіліктерінің арттырылуын ұйымдастыру, ашық есептердің талап етілетін сапасының қамтамасыз етілуіне ықпалдасу. ЖҚТСКБ мүшелерінің төрт категориясы қарастырылған: Тұрақты, Қауымдасқан, Кіші және Оқушылар Қазақстанда әлемдік деңгейдегі кәсіпқойларды тәрбиелеу мақсатында мамандардың кәсіби өсуін ынталандыруға арналған.

ЖҚТСКБ мүшесі тұрақты мүше категориясына жататын, саладағы жұмыс тәжірибесі 20 жылдан асатын және тәжірибесі 5 жылдан асатын қауымдасқан мүше, тәжірибесі 5 жылдан кем кіші, кәсіптік жоғары оқу орындарының студенттері - оқушылар жоғары кәсіби білімі бар мамандар бола алады. Қоғамдық бірлестікке кіру үшін тиісті білім мен тәжрибеден басқа, ЖҚТСКБ үш мүшесі берген ұсыныс хаттар болу қажет.

ЖҚТСКБ CRIRSCO Комитетімен және геологиялық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша көп жылдық дамыту жетілдіру тәжірибесі бар мамандардың қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтаса отырып, қазақстандық мамандардың өздеріне жаңа ортаға тезірек кіруіне бағыт-бағдар алған тиісті семинарлар, біліктілікті арттыру курстарын ұдайы өткізіп тұруды жоспарлауда.

Осындай кәсіби ортаны құру үшін бізде негіз бар, өйткені бізде халықаралық стандарттардың талаптары саласындағы өз біліктіліктерін арттыруға тиіс болатын геология және кен-металлургия саласындағы қажетті көлемдегі тәжірибе инженерлер жетерлік.

KAZRC қауымдастығымен біріге отырып, ЖҚТСКБ тағы бір міндеті - CRIRSCO Комитетімен келісіле отырып, KAZRC Кодексіне өзгерістер енгізу және жаңа редакциясын қабылдау арқылы оны үнемі жетілдіріп отыру. Осы мақсатта қатысушыларының басым бөлігін ЖҚТСКБ мүшелері құрайтын стандарттар жөніндегі комитет құрылған. ЖҚТСКБ біліктілікті арттыру туралы ережесі ЖҚТСКБ әрбір мүшесі өзінің кәсіби дағдыларын ұдайы жетілдіріп отыруын меңзейді. Ал нәтижелілікке баға беру үшін маманның мүшеліктің төменгі категориясынан жоғарғысына өтуін ынталандыратын баллдық жүйе қарастырылған. Бұл ретте егер ЖҚТСКБ мүшесі бір жыл аралығында біліктілікті арттыру шкаласына сәйкес қажетті ұпай санын жинамаса, ЖҚТСКБ шығарылып, мүшеліктен айырылу мүмкін. Мұндайда ол Құзырлы тұлға ретінде ашық есептерді дайындау және оларға қол қою құқығынан бірден айырылады. Сонымен бірге Құзырлы тұлға Этика кодексін өрескел бұзған жағдайда өз мәртебесінен айырылу мүмкін.

Кәсіби деңгейді ұдайы арттырудың мұндай саясаты арқасында кен- геология саласындағы әлемдік деңгейдегі жаңа буын мамандарды үздіксіз дайындау үшін нақты алғышарттар пайда болады.

Осылайша, бүгінгі таңда KAZRC мен ЖҚТСКБ қауымдастығы ресми түрде заңдық мәртебе алып, өз жұмыстарын бастады. Олар алдағы төрт ай аралығында CRIRSCO Комитетіне қабылдану тиіс. Қазіргі таңда ЖҚТСКБ мен осы сияқты ұйымдар арасында әлемнің түпкір-түпкіріндегі жер қойнауы сарапшыларын өзара тану бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса ЖҚТСКБ мен KASE Қазақстанның қор биржасы арасында келіссөздер жүргізіліп, ЖҚТСКБ мүшелерінің ашық есептерді дайындауымен кен өндіру компанияларын биржаға тарту бойынша бірлескен әрекеттерді көздейтін Меморандум дайындалған.

Жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуы ЖҚТСКБ 2016 жыл аралығында геологиялық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшудің дайындық кезеңін толықтай аяқтауға және минералды ресурстар мен минералды қорларға баға берудің үздік тәжірибесін Қазақстанға енгізуге мүмкіндік беретін болады.

ЖҚТСКБ Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары, геол.-мин. ғылымдарының кандидаты,FAIG Г.Фрейман