Тимур Тоқтабаев: «Жер қойнауы туралы бүкіл кодекс инвестордың келуіне бағытталған»

Тимур Тоқтабаев: «Жер қойнауы туралы бүкіл кодекс инвестордың келуіне бағытталған»

18 қараша күні Астана қаласында Инвестициялар және даму министрлігі басшылығының қатысуымен кен-металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің съезді өтеді. «Къ» бүгінгі таңда мемлекет кен-металлургия саласына қолдау көрсетудің қандай шараларын қабылдап, қандай мәселелерін шешіп отырғанын инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевпен жүргізілген сұхбаттан білетін болады.

- Тимур Серікұлы, кеншілер Съездінде салалық министрлік тарапынан қандай өзекті мәселелерді талқылау көзделіп отырғанын айтып бере аласыз ба?

- Ең алдымен, іс-шараға дайындықты министрліктегі сарапшылардың біразы жүргізіп отырғанын айту керек. Ең басты тақырып – біздің Кодекс. Біз бұл кодексті қабылдап, 2017 жылдың қыркүйегінде Мәжіліс қарауына енгізуді жоспарлап отырмыз. Ал 2018 жылы аталмыш кодекс күшіне енеді деген ойдамыз. Сол үшін де қазір жұмыс топтарына кодекстің мәтіні мен концептуалдық мәселелерге дайындық кезеңінің өзіне біраз депутаттар жұмылдырылған. Бұдан аз уақыт қана бұрын біз табиғат пайдалану жөніндегі комитеттің құрамында Ақтөбе қаласына аттанып, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізген болатынбыз. Аталмыш отырыс барысында көптеген мәселелер талқыланып, Жер қойнауы туралы жаңа кодекстің концепциясы таныстырылды. Сол себепті де біз осы жолғы жиында бізнесімізді, салалық ұйымдарды, қауымдастықты қызықтыратын мәселелерді егжей-тегжей қарастыруды жөн санап отырмыз.

- Демек премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасын орындау – жер қойнауы туралы Кодекстің бүкіл халық болып талқылау ма?

- Иә, дәл солай. Неге десеңіз, кодекстің мәтіні дайын. Қазір әлем бойынша жер қойнауы саласындағы бәсекелестік өте жоғары. Қарасаңыз, қазір инвестор талғампаз болған, егер оған әлдебір нәрсе ұнамаса, өзге мемлекеттер Қазақстандағы жағдайлардан кем түспейтін әсіресе, геологиядағы перспективаларға қатысты жағдайлар ұсынуға әзір. Сол себепті қазір компаниялардың көпшілігі Африкаға баруда, инвесторлар үшін Моңғолия да белсенді жол ашуда. Біз мұндай бәсекеге төтеп беруіміз керек, өйткені біздегі кен орындардың көпшілігі сонау кеңес дәуірінде ашылған болатын. Тәуелсіздік кезеңінде ашылған жаңа кен орындар да бар, бірақ олардың саны әлдеқайда аз. Ең бастысы – қазір әлем бойынша шикізат сапасы үшін күрес жүруде. Бұл өнімнің арзан өзіндік құнға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ал бұл болса, кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілеттілігінің кепілі саналады. Сондықтан да біз кеңес дәуіріндегідей қоры мол кен орындарды ғана емес, сапасы жағынан жоғары кен орындарды табуымыз керек. Бұл ретте біз қалыс қалып отырмыз, себебі өзге елдерде пайдалы қазбалардың құрамы әлдеқайда жоғары.
Қазақстанда да мұндай кен орындар жетерлік, алайда олардың 90% әлі ашу керек. Себебі олар үлкен тереңдікте жатыр. Кеңес заманында технологиялар әдетте, кен орындарын 200 метр тереңдікке дейін бұрғылауға мүмкіндік беретін. Мұндай жерлерде жұмыстар толық жүргізілетін .Әрине, бұдан да терең ұңғымалар да болатын. Жалпы, кен орындардың беткі жағы зерттелетін. Бүгін де біз жоғары тереңдікте жұмыс істеуді көздеп отырмыз. Есесіне, қазір көптеген жаңа технологиялар да пайда болған. Осы уақытқа дейін геологияда қолданып келген технологиялар жетілдіріліп, дамытылды. Қазір олар 800 метрге дейінгі тереңдікті зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай технологиялар Қазақстан геологиясында да қолданылып келеді. Жер қойнауын ұшақтан 2 шақырымға дейінгі тереңдікте зерттейтін технологиялар да бар. Мұндай ұшақпен аэрогеофизика жүргізу кезінде пайдалы қазбалар көп жиналған аймақтарды анықтауға болады. Сіз мұны елестете аласыз ба? Бұрын-соңды Қазақстан мұндай жолмен зерттелген емес. Біз білмейтін табиғат сыры жетерлік. Алынып отырған деректерден біз сапаның артып отырғанын байқап келеміз. Сәті туса, пайдалы қазбалар қоры мол ірі кен орындарын ашудан үмітіміз бар. Біздің міндетіміз де осы.
Кодекс толықтай инвесторды тартуға бағытталған. Кен орнын бұрғылау, тереңдікте зертте жүргізу – мұның бәрі біраз қаражатты қажет ететін іс. Мұның бәрін мемлекет бір өзі қаржыландыра алмайды. Мұндай жағдайда бізге бірқатар бағдарламаларымызды тоқтатып, тек қана геологиялық барлаумен айналысуға тура келеді. Ал бұл өте қауіпті іс, кен орындарын ашу ықтималдығы 15% аспайды. Сол үшін мемлекет өзі тәуекелге бармай, инвесторды ынталандырғаны жөн. Инвестор келуге дайын. Мысалы, австралиялық немесе канадалық биржаларды капиталдандыру 58 млрд доллардан асып, юниорлы компаниялардың есебінен құралады. Келешегінен үміт күттіретін аумақтарды зерттеумен, деректер алумен айналысатын бастамашылар мен шағын компаниялар уақыт өте келе бұдан да ірі ойыншылар мен трансұлттық компанияларды тарта алатын нарықты құру керек. Австралияда бұл 15 мың компанияны құраса, бізде небәрі 80. Сол үшін де біз Кодексте қамтылған бүкіл шаралар, нормалар нарығымызды жандандыруға және кейіннен жаңа нысандардың ашылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген ойдамыз.

- Таяуда ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек келесі жылы геологиялық барлауды қаржыландыруға қаражат өткен жылға қарағанда 4-5 есе кем бөлінетінін атап өткен болатын. Сонда геологиялық барлау қалай ынталандырылмақ? Компанияларға патент бөлек учаске не болмаса эксклюзивті ақпаратты сату құқығын алу үшін беріледі деген сөздер жиі айтылып келеді. Мұндай тәртіп біздің елде қалай жұмыс істемек?

- Әлемде геологиялық барлауды қаржыландырудың ең басты қағидасы – мемлекеттің бір шаршы километрге жұмсаған шығыны. Бүгін де Қазақстанда инвестиция көлемі жеке инвестицияларды қоса есептегенде бір шаршы километрге 7 долларды құрайды. Австралияда бұл көрсеткіш 167 долларға, Канадада 203 долларға тең. Қаншалықты артта қалғанымызды көрдіңіз бе! 20 есе және одан артық. Яғни, бүгін мемлекеттік қаржыландыру көлемін арттырудан басқа, бүкіл бизнестің қаржыландырылуын 20 есеге арттыру қажет. Мұны қалай жасауға болады? Бұл өте күрделі мәселе. Біз де осындай бәсекеге қабілетті болу үшін сол елдерді қуып жетуіміз керек. Сол үшін мемлекет не істейді – геологиялық барлаудың төрт сатысы бар – алдымен, ауқымды алаңдық жұмыстар. Үлкен алаңдардан болжамалы ресурс, перспективалар анықталады. Ертеректе орын алған геологиялық процестердің қарқыны жекелеген кен орындардың ашылу перспективасын көрсетеді. Бұл үлкен бір тұтастай аймақ. Екінші кезеңде нақты кен алаңдары мысалы, алтын немесе мыс бар аймақтар анықталып, егжей-тегжей алаңдық жұмыстар жүргізіледі. Бұдан соң пайдалы қазбалар молынан жиналған учаскелер анықталады. Ал пайдалы қазбалардың көлемі, қай жерден, қай жерге дейін созылып жатқаны беймәлім. Осы үш кезеңді мемлекет қаржыландыру тиіс. Өйткені инвестор келіп, «мен бұрғылауға дайынмын, маған қай жерді бұрғылау керегін көрсетіңдер», - дейді. Оған қай жерді бұрғылау керектігін көрсетіп, геологиялық ақпарат дайындау, оған материалдар бойынша әзірлемелер беру – мұның бәрі мемлекеттің міндеті. Бұл жұмсалатын бүкіл шығынның 10% аспайды. Ал қалған 90% - егжей-тегжей барлау, зертханалық зерттеулер жүргізу. Үлкен алаңдарды алып қарасақ, бұл мыңдаған шаршы километр, аймақтық жұмыстар. Іздеу алаңдары 100 километрді құрайды. Кейін 10 шақырым километрге созылып жатқан мол қорлы учаскелер, содан соң барып, бірнеше километрлік шағын учаскелерден тұратын нақты кен орындар. Қаттың қуаттылығын, құрамын білу үшін соңғысында бәрін толық бұрғылау керек, ешнәрсе жоғалмауы үшін толықтай жиектеу қажет. Аймақтық жұмыстар мен іздестіру жұмыстарын мемлекет қаржыландыру тиіс. Ресурстар мен қорларға алдын ала баға беруге болатын іздестіру-бағалау жұмыстарында бюджет пен бизнес қаражаты тартылу мүмкін. Барлау учаскелері өнеркәсіптік өндіруге тапсыру үшін жеке инвестициялар есебінен орындалады.

– Жақсы, мемлекет өткен жылмен салыстырғанда осы жылы геологиялық барлауға бюджеттен қанша қаражат бөлуді жоспарлап отыр?

–2011 жылы мемлекет 4,3 млрд теңге, 2012 – 8,7 млрд, 2013 – 9,4 млрд, 2014 - 9,1 млрд, 2015 жылы – 11,4 млрд теңге қаражат бөлді. Жылына 30 млрд. теңге қаражаттың бөлінуі қарастырылған 2014-2019 жж. арналған бес жылдық бағдарламаның қабылдануына қарамастан, осы жылы небәрі 8,2 млрд теңге бөлінді. Бұл геологиялық барлау толық қаржыландырылмады деген сөз. Бұл туралы министр үкіметтік отырыста айтқан болатын. Осы салаға қаражат бүгінгі күнмен салыстырғанда кемінде бес есе артық бөліну тиіс. Бұған девальвацияны қосыңыз. 2015 жылы 11 миллиард теңге бөлінсе, 2017 жылы 8,2 млрд теңге қаражат бөлінген. Көріп отырғаныңыздай, көрсеткіш саны екі есе кем. Ал девальвацияға дейінгі 30 миллиард – шамамен 200 млн. доллар. Бүгін де мемлекет мұншама ақша бөлуге қауһарсыз. Сондықтан да біз инвесторлармен көбірек жұмыс істеп, алаңдарды дайындауымыз керек. Кодекс жер қойнауын пайдалануға құқық беру процедурасының, геологиялық барлаудағы бүкіл процедуралық мәселелердің жеңілдетілуіне бағытталған. Бұл біздің міндетіміз және осы жұмысқа елбасының өзі тапсырма берген болатын.

– Нақты қандай ынталандыру болады? Патенттер?

– Лицензиялар. Қараңыз, бүгін келісімшарт 18 айға жасалды делік, осыншама уақыт кім күтеді. 18 ай дегеніміз біраз уақыт, бұл тек барлауға ғана жұмсалатын уақыт. Өндіруге – 24 ай. Адамдар учаскеге құқық иеленгісі келеді. Жер қойнауын пайдалану операциясын бастау үшін техникалық құжаттама әзірлеп, экология, ТЖ және т.с.с. өту керек. Тек осыдан кейін ғана барып, кен орнында тікелей жұмыстарды бастай аласың. Алайда бүгінгі күні келісімшарт жасасу өзі жоғарыда аталған процестерден өткен соң ғана барып басталады. Бұл өте ыңғайсыз. Адам өзіне берілген учаскеге нақты құқықтарды иеленбей тұрып, жобалауға, дайындыққа қомақты ақша жұмсамауы тиіс. Қолда аукцион нәтижелерінің немесе тікелей келіссөздердің хаттамасы бар, бірақ келісімшарттың өзі жоқ. Ал егер Қазақстанға кірудің құқықтың тәуекелдеріңізді бағалайтын ірі заң компанияларымен сөйлесетін болсаңыз, олар сізге «бұл құжаттың айтарлықтай құқықтар беретінін, бірақ сіздің осы учаскеге құқықтарыңызды растамайтынын» айтады. Сол үшін де құқықты тез арада, лицензияны үш күн аралығында беру қажет. Осыдан кейін жобалау жүргізіледі. Қазір мемлекет осы процестерге қатты араласады. Шетелде керісінше, мемлекет мүлдем араласпайды. Өйткені адалдық презумпциясы бар. Мұндай нәрсе біздің бизнесте де болу керек. Мемлекет инвесторының, ал инвестор мемлекеттің алдамайтынына сену тиіс. Мемлекет болса, инвестордың ақшасын күтіп отырады, бұл басты талап, ақша салсаң болды, одан басқа ешқандай наразылық болмайды. Геологиялық барлауға небәрі екі төлем – мемлекетке төлем мен минималды бағдарлама – екі шаршы километрге 10 мың доллар. Бұл инвестор үшін өте қолайлы – келіп, ақша төле де, жұмыс істей бер, ешкім тиіспейді, ешкім бөгет жасамайды. Ал қазір жағдай басқаша, жер қойнауын пайдаланушыларды үнемі түртіп отырады – небір тексерулер, келісілулер, мұның бәрі инвесторларға кері әсерін тигізеді. Біз әлемдік рейтингте біраз қалыс қалып қойғандықтан, бізге көтерілу керек. Бізде нормативтік-құқықтық база бойынша қиындықтар, саудалық бөгеттер өте көп, геологиялық ақпарат, дубликаттау, келісілмеген заңнама, салықтар мәселелері де жетерлік.

Салықтар, салық салу режимі де қиындықтар туғызады. Сізге бір қарапайым мысал келтірейін. Біз қазір жұмыс тобына шетелдегі салық салу мысалы бойынша сатылымнан роялти енгізуді ұсынып отырмыз. Мұндағы айырмашылық неде? Бізде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын қосымша құн салығы бірден өндіруден кейін салынады. Айырмашылық осыда. Яғни, сіз минералды шикізатты өндірген бойда сізден ақшаны алып алады. Шикізатты әлі сатпадыңыз да ғой. Шикізат өндірісіне ақша жұмсағаныңыз аз болғандай, мемлекет сізден салық түрінде ақша суырып алады. Осының кесірінен компания бүкіл ақшасын салықтарға жіберіп, айналым қаражатынан айырылып қалуы мүмкін. Үш-төрт айдан соң бұл кен сатылған кезде сіз оның ақшасын тек біраз уақыттан соң ғана аласыз. Ал бүкіл әлем бойынша жағдай басқаша, ол жерде сіз салықтарды шикізатты сатқан соң ғана барып төлейсіз. Бұл жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты әлдеқайда әділ жүйе, алайда ол әкімшілік мәселелер жағынан күрделірек. Яғни, бірден келе салысымен салық салынатынын түсіну керек. Бұл оңайлау. Бүкіл тізбекті қадағалау, қай уақытта сатқанын, қай уақытта қайта өңдегенін қадағалау – күрделірек, бірақ әділдеу. Бірақ компаниялар айналым қаражатысыз қалуға мәжбүр болады. Банкке барып несие алуға, айналым қаражатты толықтыруға, пайыздарды төлеуге, ыңғайсыздыққа ұшырауға тура келеді. Мұның бәрі салықтардың үш ай бұрын алынуының кесірі. Бұл ретте, бар болғаны кейбір шарттардың орнын ауыстыру керек.

Біл бір, екі жағдай. Бізде қазір пайдалы қазбаларды өндіруге салық уақыты, шекарасы жағынан созылды. Өндірістің өзі ғана емес, беткі қабаттағы тікелей өндіру де, бастапқы қайта өңдеу де жер қойнауын пайдалану операцияларына жатады. Яғни, егер сіз кен өндіріп, оның бағасы мысалы, 100 доллар делік. Алайда егер сіз оны қайта өңдеп, байытсаңыз, бағасы 300 долларды құрайды, ал салығы болса, сол қалпында қалады. Олай болса, жер қойнауын пайдаланушы үшін тереңдікте қайта өңдеу жүргізудің пайдасы қандай? Егер біз Қазақстанда тереңдікте қайта өңдеуге тырысамыз десек, бізде бұл тұста салықтық ынталандыру жоқ. Бұл туралы McKinsey жұмыс тобында айтқан болатын және бұл жөнінде экономика министрлігінде де біледі. Біз бұл мәселемен белсенді айналысып келеміз, мұндай жаңашылдықты қорғауға тырысудамыз. Мысалы, Австралияда рудада салық 7,5%, концентратта 5%, ал металда 2,5%. Яғни, қайта өңдеу неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төмен болады. Сату бағасы өсіп тұратыны түсінікті жайт. Металдан түсетін табыс бастапқыдағы 2,5 пайыздан 7,5 пайызға біраз өседі. Жер қойнауын пайдаланушы-қайта өңдеушіге тиімдірек. Өйткені ол қосымша құны жоғары тауарды алып алды және оған мемлекетке көбірек беру қиын емес, себебі өзі көбірек алады. Мінекей,
экономикалық ынталандырулар осындай.

Сол үшін біз осыған ұмтыламыз, осыны ұсынамыз, әрине, әкімшілік мәселелер бар. Осыны біздің заңнамада қалай іске асыруға болатынын, осы нормалардың зардабын келтіруіне қалай жол бермеуге болатынын және осы сияқты басқа да мәселелер пысықталып жатыр. Біздің жер қойнауы туралы кодексіміз Салық кодексімен сәйкестендірілетін болады.

- Жалпы, геологиялық барлау бойынша ҚҚС-нан босату, әлдебір шығындарды өтеу болатыны жайлы айтылған болатын. Бұл қаншалықты рас?

- Геологиялық барлауда қосымша құн қандай болуы мүмкін. Бүкіл әлемде геологиялық барлау нағыз шығын болып саналады. Сіз шартты түрде алғанда, компания басшысысыз, геологиялық барлау бес миллион доллар жұмсайсыз, өзіңізді шығынға батырасыз. Ал бізде осы сомадан әлі салық төлеу керек. Орынды ма? Орынсыз әрине, Өйткені жер қойнауын пайдаланушылар оны бұрын төлемеді, бұрын барлауға ҚҚС болмайтын, бұл салық 2009 жылдан бастап енгізілді. Жағдай қиын болатын, жер қойнауын пайдаланушы келіп, инспекторға геологиялық барлауды расында да жүргізгенін дәлелдеу керек болатын. Мұның бәрін тексеру, кейде тиісті орындарға барып, өтеу жүргізу керек болатын. Бас қатырмай, геологиялық барлаудағы ҚҚС бойынша шығындардың өтелуін алып тастадық. Яғни, салық салудағы күрделі әкімшілік мәселелерімен айналысуға мүмкіндік пен ниет қашан да болды. Сол себепті бюджеттің табыс тұсын қамтамасыз ету және тезірек салық жинау өте маңызды екені түсінікті. Алайда біз жер қойнауын пайдаланушыларға жайсыз экономикалық жағдай келтірмеуіміз тиіс. Біз мүдделер теңгерімін табуымыз керек. Сол себепті дәл қазір біз осымен айналысудамыз. Жер қойнауына садық салу бойынша ұсыныстар өте көп, бұл жөніндегі ұлттық экономика министрлігі егжей-тегжей түсіндіріп береді деп ойлаймын, жекелеген топтар бар, біз сол топтарға қатысамыз. Біз геологиялық, юниорлы компанияларды, жер қойнауын пайдаланушыларды қолдаймыз, сол себепті де Кодексімізде олар үшін барынша ыңғайлы жағдайлар жасауға тырысамыз.

 - Қазір Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялар, мысалы Iluka Resources, RioTinto. Осы сияқты компаниялар қандай да бір кепілдіктер алды ма, әлде «Қазгеология» арқылы жұмыс істей ме? Егер олар Қарағанды облысында мысалы, ірі мыс кен орнын ашса, олар өздерінің жер қойнауын пайдалану құқығын қалай іске асырады?

- Олар келісімшартқа отырып қойған. «Қазгеологиямен» бірлесіп жұмыстар атқарады. «Қазгеология» тіпті олардың мердігерлік жұмыстарын орындайды. Яғни, «Қазгеология» салмақты ұйымға айналған: заманауи жабдықтар сатып алып, канадалық фирмадан алынған аэрогеофизикалық технологиялармен жарақталған. Сол себепті Rio Tinto бір нәрсені әкелуге қажеттілік болмады. Ол қызметтерді осы жерден сатып алды. Қызметтердің бір бөлігін «Қазгеология» орындап берді. Жұмыстарының сапасы жоғары қазақстандық компаниялар да пайда болды. Олар да Rio Tinto үшін мердігерлер болды. Австралиялық компания келісімшарт аясында жұмыс істейді. Ол тапқан нәрсенің бәріне өндіру кезеңіне өтуге айрықша құқық болады.

- Яғни, қазір егер геологиялық барлау жүргізгің келсе, «Қазгеология» арқылы немесе тендерлер арқылы жұмыс істеу керек. Бюджет бойынша не бөлінеді сонда?

- Білесіз бе жағдай қалай, әлемдік ірі компанияларға қойылатын жергілікті сұрақтар өте көп. Бұл жер телімін рәсімдеу, мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу, экология, ТЖ, жергілікті халық және т.с.с. Бұл үшін әрине, ұлттық компания тұлғасында серіктес табу өте маңызды. Мұндай тәжірибе бүкіл әлемде қолданылады. Жапондық ұлттық компаниялар басқа елге кіріп, бүкіл бюрократиялық тосқауылдардан өтіп, келісімшарттар рәсімдеуде, жобаларды дайындықтың жоғары дәрежесіне жеткізуде – тек осыдан кейін барып, оларды жапондық жекеменшік компанияларға тапсырады. Яғни, ұлттық компанияларға шетелде мемлекеттік органдармен ресми деңгейде келісіп, келісімшарт алу жеңілірек, кейін барып бизнес кіреді. Ал мұнда Rio Tinto Қазақстанға мемлекеттің қатысуысыз өз бетінше келді. «Қазгеология» ұлттық компаниясы келісімшарттың жасалуын, жұмыстарды бастауға қажетті тиісті құжаттардың рәсімделуін қамтамасыз етеді. Rio Tinto болса, осының бәрін жүзеге асырады. Ол бұл мәселеде кәсіпқой.

- CRIRSCO мен ҚМК (қор жөніндегі мемлекеттік комиссия – ред.) Кодексте қатар қалай қаралады?

- Бірге болмайды. ҚМК болғанда өтпелі кезең болады. Біз келісімшарттарымыздың тұрақтылығына кепілдік береміз. Яғни, жаңа шарттарға көшкісі келмейтін келісімшарттар кепілдендірілген шарттармен бұрынғы заңнамада қала алады және оларға қызмет көрсету үшін әрине, ҚМК сақтап қалынады.

 - Шамамен қай мерзімге дейін?

- Меніңше, Кодекс қабылданғаннан кейін ең көбі үш жыл. Осыдан кейін біз толық көшуге ұмтылатын боламыз. Бұл ыңғайлы, өздігінен реттелетін ұйымдар осы функцияны толықтай өз мойындарына алу үшін кемеліне жеткен. Бизнес мүдделі, үнемі қайта тексеру қажеттілігі болмайды. Мысалы, осындай жағдай болды делік, сіз банксіз, мен сізге несие алу үшін келдім. Сіз қорларды қайта тексересіз, ҚМК қайта тексересіз. Ертең биржаға барсаңыз – биржа қайта тексереді, жеке инвесторлар бәрін де қайта тексереді. Өйткені сенімсіздік бар. Расында да, өтпелі кезең, қорларды есептеудің ескі жүйесі, кейбір тұстарында кеңес заманындағы амал, заңнамамыздың осал тұстары, осының бәрі олар бойынша инвестициялық шешімдер қабылданған нақсыз қорлар. Инвестор-жер қойнауын пайдаланушылар осы тұста ұтылып қалғанда бүкіл ақпаратты, оның ішінде бұрынғы ақпаратты жіті тексере бастады. Өзіңіз білетіндей, кез келген бизнесте алаяқтық әрекеттерге баратын адалсыз адамдар бар. Бұл жаңа жүйе осының бәрін алдын алуға мүмкіндік береді. Негізгі рөлді құзырлы тұлға атқарады. Ол осы үшін жақсы сыйақы алады, жалпы, мұндай сыйақыны бүкіл әлемде алады. Мұндай тұлға нағыз кәсіпқой, ол өз беделін, жұмысын жоғары бағалап, есептерге өзі қол қояды. Яғни, геологиядағы мұндай адамдар қорлардың есебі үшін жауапты болады. Бұл кеңесші болуы мүмкін, алайда егер құзырлы тұлға қателессе, оны өздігінен реттелетін ұйым біржола ісінен шеттетеді. Бұл адам кейін осы жұмыспен ешқашан айналыса алмайды. Жұмысы үшін ешқашан жалақы ала алмайды.

 - CRIRSCO енгізу аясында құзырлы тұлғаларды оқыту қай уақытта аяқталады?

- Өтпелі кезең аясында ол аяқталу керек. Қазірдің өзінде кейбірі сертификаттар алуда, ең бастысы, бұл сертификаттар халықаралық ұйыммен расталу керек. Ал егер біздің сарапшылардың сапасы жоғары болмаса немесе бағаны тым қымбаттатып айтатын болса, мұндай қызметті есептеу жүргізу жөніндегі халықаралық сарапшылардан сатып алу мүмкіндігі бар. Бүгін де Қазақстан қорларды растау үшін халықаралық сарапшыларға біраз қаражат бөліп отыр. Енді бұл ақша Қазақстанда қалуы мүмкін. Яғни, біздің компаниялар, біздің адамдар, азаматтар қорлардың халықаралық деңгейде аудиттелуін қамтамасыз ете алады.

- Ғалым Нұржанов («Қазгеология» ҰК АҚ басшысы - ред.) қазір анализдер жүргізілетін зертхана сатып алынып жатыр деген болатын.

 - Иә, бұл құрамдас бөлік.

- Олар өз қаражатына сатып алады ма, әлде бюджеттік қаржыландыру қарастырылған ба?

- Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік болатын шығар. Зертханаларда сынама тапсырған уақытта сіз оны басқа сынамалармен араласып кетпеуі үшін шифрлейсіз, таңбалайсыз. Сіз білесіз бе, сынамаға алтын жалатылып, ірі алтын кен орнын аштым деуіңіз мүмкін. Алайда бұл нағыз өтіріктің өзі. Сол себепті де онда бүкіл бір тұтас жүйе құрылған және мұндай жүйе халықаралық деңгейде мойындалу керек. Қазақстанда жұмыс істейтін зертханалар өкінішке орай, зерттеулері биржада мойындалатындай дәрежеге әлі жеткен жоқ. Сондықтан да бізге халықаралық мойындалған Қырғызстандағы, Ресейдегі және басқа да елдердегі зертханалардың қызметіне жүгінуге тура келеді. Қазақстанда минералдық-шикізаттық кешен – елдегі негізгі сала, жаңа салалар енді пайда болып, дамуда. Өзімізде зертханалар болмағандықтан, біздің зертханалық үлгілер, керндер шетелге әкетіледі, бұл дұрыс емес. Егер сіз биржаға шығуды жоспарлап отырмасаңыз, әрине, зертханалық талдау жасай аласыз, мемлекеттік балансқа қойып, өндірісті бастай аласыз. Бірақ егер салмақты инвестор тапқыңыз келсе, сізге халықаралық сараптама жүргізіп, қорыңызды сапасыз және қате талдауға жол берілмейтін халықаралық зертханалар арқылы есептеу қажет болады.

 - Зертхана «Қазгеология» бірлесіп жұмыс істейтін ТНК тарапынан геология орталығымен бірге қаржыландырылады ма?

- Әлемде мұндай геологиялық орталықтар кластерлерде қалыптасады. Яғни, ғылымға баса мән беріледі. Өйткені жаңа технологияны кластерлерде енгізуге болады. Ол жерде НИОКР бәрі бірге дамиды. Бізде Алматы қаласының маңында орналасқан 160 гектар аумақты алып жатқан еркін экономикалық аймақ «Алатау» ПИТ бар. Бұл аймақта геология бойынша инновациялық кластерді орналастыруға арналған мемлекет тарапынан дайындалған инфрақұрылым бар. Мұндай орталықтар АҚШ-та бар. Мұнда 8 600 адам жұмыс істейді, Түркияда бар. Мұнда 3200 адам жұмыс істейді. Францияда бар. Мұнда 2000 адам жұмыс істейді. Біз үшін, Қазақстан үшін бұл мәселе түйткілді. Бұған қажетті жағдайлардың бәрі жасалған, оны құру жоспарымызда бар.

- Интерактивті геологиялық карта бойынша ол қашан аяқталады?

- Интерактивті карта аумақтығын бос болу-болмауын анықтауға, геологиялық ақпараттың сатып алынуын рәсімдеуге мүмкіндік береді. Лицензияға өтінімді де осы жерде беруге болады. Бүкіл интерактивті карта Кодекспен бірге іске қосылатын болады. Оның ТЭН қазірдің өзінде «Қазгеология» әзірлеу үстінде. ГЧП немесе жеке болуы мүмкін. Бұл мәселе әлі шешілуде.
- Яғни, ол әлі аяқталмады. Деректер 60% енгізілді деп айтылған, ГМК компаниясы өкілдерінің шағымдары бар.

- Иә, қазір қолда бар карта жартылай альтруистік негіздерде жасалған, жер қойнауын пайдаланушылар жәрдемдесіп, өз ақпаратын жүйелендірді. Біздің карта электрондық үкіметке интеграциялану керек. Ол толықтай біздің координаттар жүйемізде бекітілген. Жергілікті жерге байланыстырылу керек. Өйткені кейін келісімшарттық аумақтар жер телімдеріне байланыстырылатын болады. Жер телімдерін инвентаризациялауды әкімдіктермен бірге ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізеді. Біз республикалық деңгейде, геология, жер қойнауы бөлігінде жүргіземіз. Жер телімісіз жүзеге асыруға болмайтыны түсінікті. Сол үшін келешекте осы карта толықтай тиісті ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

 - Кеніштерді жою, техногендік минералды түзілімдерді (ТМТ) қайта өңдеу, су пайдалану – осылар Кодекспен қалай реттеледі?

- Осы мәселелердің бәрі Кодексте қамтылатын болады. ТМТ бөлек бөлім арналмақ, тарату бойынша ең озық халықаралық тәжірибе, Чили де алды, Дүниежүзілік банк бізге осы мәселе бойынша тұжырым дайындап берді, Мұның бәрі ескерілмек.

- «Қазақалтында» таяуда болған оқиғалардан кейін алтын іздеу өндірісі бойынша реттеу қалай жүргізілетін болады?

- Алтын іздеу өндірісі бір жылға қарастырылатын болады. Оны алу өте жеңіл болады. Біз «көлеңкелі» алтын іздеушілердің бәріне жұмыстарын заңды негізде іске асыруға, салықтар төлеуге мүмкіндік беретін боламыз, ал олар алатын табыс толықтай заңды болады. Өзіңіз білесіз, қазір мұндай проблема бар. Арғы атасынан бері алтын іздеумен айналысып келе жатқан адамдар бар, олар әдетте отбасылы, екі-үш адамнан топтасып жұмыс істейді.18 айға келісімшарт рәсімдеу, аукционға – мұның бәрі олар үшін нағыз қиямет. Олар маусымдық лицензия алып жұмыс істейді. Сол үшін бұл мәселе жеңілдетілетін болады. Кеңес заманында алтын іздеу кеніштерде өндірістің 30-40 пайызын қамтамасыз ететін еді. Қазір мұның бәрі жоғалды, заңдық тұрғыда әсіресе. Тәжірибелік тұрғыда бұл әлі бар. Жартылай артель компаниялар шын мәнісінде үлкен нарық болып табылады. Ол жылына бірнеше тонна өсімді қамтамасыз ете алады.

- Үкімет отырысында министр келесі жылы кен орынның жаңа аукцион өтетіні туралы айтқан болады. Айтыңызшы, келесі жылы қандай қызықты кен орындар сатылымға шығарылады, Бұл қандай металдар болмақ және олардың мөлшері қанша болады?

- Аукцион ашық әрі мінсіз жүйе. Кеңес дәуірінде ашылған кен орындардың барлығы дерлік келісімшарт бойынша жұмыс істейді. Қазір өндіріс жүруде, мемлекет салықтар алып, адамдар жұмыс істеуде. Алайда қорлар бірте-бірте азайып келеді. Ендігі әрі жаңа қорлар керек. Сол үшін пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша мемлекеттік баланста болғандардың бәрі қазылуда, сондықтан да жаңалары керек. Бұдан аукцион 90% геологиялық барлаудың жаңа учаскелеріне арналатын болады. Сол үшін аукцион негізінен, геологиялық барлауға бағытталады.

- Геологиялық барлауға құқығы бар қанша кен орны сатылымға шығарылады?
- Жүз кен орнын сатуды жоспарлап отырмыз, мұның бәрі қатты пайдалы қазбалар. Бірақ негізінен – геологиялық барлау.

Авторы: Ернар Капаров

Материалдар www.kursiv.kz алынған.