ПОНЭН турасында

Басты/ПОНЭН турасында

ПОНЭН турасында

Қазақстан Республикасының геологиялық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуі жоспарланып отырғандықтан, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, қатты пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары туралы Қазақстанның Ашық есептілік кодексі (KAZRC кодексі) құрылып, 2015 жылдың 25 қарашасында «Жер қойнауының тәуелсіз сарапшыларының кәсіби бірлестігі» қоғамдық бірлестігі (ПОНЭН) құрылды. ПОНЭН құрылуы Қазақстан Республикасының тау-кен геологиялық саласы әлемдік минералдық-шикізат кешеніне интеграциялану үшін маңызды қадам болып табылады. Кейін бұл мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделерін үйлесімді болуына сөзсіз ықпалын тигізіп, Қазақстан кен орындарының инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

ПОНЭН құрудағы негізгі мақсат – Республикада жер қойнауын тәуелсіз бағалау тәжірибесін дамыту, сондай-ақ табиғи ресурстардың зерттелу және игерілу тиімділігін арттыру. Бастамашы топ құрамына Қазақстанның әр аймақтарынан геологиялық компаниялардың басшылары мен жетекші мамандары кіреді. Жер қойнауын тәуелсіз сараптаудың бүкіл түрін қамтамасыз ету үшін алдағы уақытта ПОНЭН құрамына мүшелікке геологиялық барлау және тау-кен өндіру ұйымдарының білікті мамандары арасынан сарапшыларды қабылдау жоспарлануда.

 

Келешекте осындай қоғамның Қазақстанда құрылуы шетелде кеңінен қолдау тауып, Қазақстанның тау-кен-геологиялық кешеніне шетелдік инвестицияларды белсендірек тартуға ықпал ету керек, сондай-ақ ПОНЭН Қатты пайдалы қазбалар туралы халықаралық есептеліктің халықаралық стандарттары жөніндегі комитет (CRIRSCO) тану қажет. 2016 жылы біздің елде қойнаудың бағалануының толытай халықаралық стандарттарға аударылуы, жер қойауының тәуелсіз сарапшыларының кәсіби ұйымының құрылуы қарастырылған Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің қабылдануы күтіліп отырғандықтан, осыған байланысты «құзырлы тұлғалардың» отандық интитутының пайда болуы қазақстандық мамандардың әлемдік геологиялық қоғамдыстыққа интеграциялануы мәселесінде үлкен қадам болып табылады.

 

ПОНЭН кіру үшін не керек:

1. ПОНЭН мүшелікке қабылдануға өтінім (өтінімді сайттан жүктеңіз);
2. Ағымдағы қызметтік жағдайдың, білімнің және кейінгі кәсіби білімнің, жұмыс тәжірибесінің, құзыр саласының, жазған мақалалар санының, тіл меңгерудің және басқа да маңыды дағдылардың көрсетілуімен егжей-тегжей түйіндеме;
3. Дипломдар мен оқу дәрежелерін қоса алғанда, кәсіби білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4. Академиялық немесе ғылыми оқу дәрежелеріні тағайындалуы немесе тәжірибелік біліктіліктің алынуы (егер бар болса) туралы куәліктердің көшірмелері;
5. Мамандандырылған семинарлар мен өзге де шараларға қатысу туралы сертификаттардың көшірмелері (егер бар болса);
6. Азаматтық алған елдің төлқұжатының көшірмесі;
7. Үміткердің түрлі түсті фотосуреті (көлемі 3 × 4 см, өтінімге жапсыру керек);
8. Кепілгер жазбаша ұсынымдар (еркін нысанда)
9. Барлық құжаттардың сканерленген көшірмелерін info@ponen.kz поштасына жіберу, өтінімнің көшірмесін Алматы +7 (727) 247 26 73; +77013390988; 050043, Бостандық ауданы, Кошек батыр к-сі, Асқаров к-сі, 1а/3.