PONEN семинары: ESG модификациялаушы факторлар ретінде: KAZRC бойынша сенімді және өзекті есептілікті қамтамасыз ету

Оқиғалар

2026-03-12

PONEN семинары: ESG модификациялаушы факторлар ретінде: KAZRC бойынша сенімді және өзекті есептілікті қамтамасыз ету

📅 Күні: 2025 жылғы 14 сәуір
🕓 Уақыты: 15:00  
💻 Формат: Офлайн және онлайн (Астана қ., Назарбаев Университеті)
🗣  Тілі: Орысша
🎓 PD сағат саны / ұзақтығы: 1,5 балл / 1 сағат
🎙 Спикер: Файзулдаева Жанар (MPONEN)

Семинарда экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық (ESG) факторлардың KAZRC бойынша есептіліктегі ресурстарға, резервтерге (қорларға) және ақпаратты ашуға тәжірибеде қалай әсер ететіні көрсетіледі.

🧾 Бағдарламада:
🔹 ESG-комиссиясының мақсаттары, міндеттері және негізгі жұмыс бағыттары
🔹 ESG-факторлардың модификациялаушы факторлар ретінде қолданылуы және олардың Қазақстандағы ерекшеліктері
🔹 Құзыретті тұлғаларға, инвесторлар мен компанияларға арналған ESG-қолдау бойынша ұсынымдар мен құралдар
🔹 ESG туралы хабардарлықты арттыру және оны кәсіби тәжірибеге енгізудің тәжірибелік тәсілдері

🎯 Мақсатты аудитория:
✅ Барлау және өндіру саласында жұмыс істейтін мамандар;
✅ Студенттер мен ЖОО оқытушылары;

💰 Қатысу жарнасы:
PONEN мүшелері – тегін;
PONEN мүшесі емес қатысушылар – тегін.

📌 Тіркелу міндетті

Тіркелу сілтемесі