CRIRSCO 2016 ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ОТЫРЫСЫ

Үндістанның алдағы уақытта CRIRSCO құрамына кіруіне байланысты CRIRSCO 2016 жыл сайынғы отырысы (Үндістанның тау-кен инженерлерінің қауымдастығы) MEAI қолдауымен өтті.

 



1. Ашық КРИРСКО сериясы
КРИРСКО мүшелерінің және үндістандық тараптардың КРИРСКО құрамына кіру тәртібі туралы баяндамаларына, ресурстарды бағалау кезінде Құзырлы тұлғалардың рөліне арналған. Мұнымен қоса үндістандық тарап Үндістанның кен саласындағы ағымдағы жағдай, қолданылатын заңнама және пайдалы қазбалар туралы есептілік тәжірибесі жайлы баяндамалар оқыды. Баяндамалармен КРИРСКО сайтында PDF форматында және жабық бөлімде (мүшелер үшін) PowerPoint форматында танысуға болады.

2. Жабық Сессия

2.1. Басқа елдердің мүшелікке қабылдануы
Жабық бөлімде КРИРСКО мүше елдердің Қытай, Филиппины, Индонезия, Мозамбик және Оңтүстік Америка елдері (Перу және т.б.) сияқты жаңа елдердің қабылдануын ұйымдастыру жөніндегі ішкі мәселелері талқыланды.

2.2. Оқытуды ұйымдастыру
Оқыту семинарларын ұйымдастыру бойынша КРИРСКО басшылығы оқыту процессін екі блок түрінде қарастыруды ұсынды:
1) геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы ашық есептіліктің халықаралық кодекстеріне сәйкес орындалған есептерді дайындауға және сараптау бойынша құзырлы тұлғаларға арналған семинарлар
2) біліктіліктерін арттыру және әлемде геологиялық барлау жұмыстарының жүргізілу тәжірибесімен таныстыру мақсатында тау-кен саласындағы мамандарды оқыту семинарлары
КРИРСКО комитетінің мүшелері семинарлардың материалдарын дайындауға әдістемелік көмек көрсету қажеттілігімен келісіп, шаблондар ретінде КРИРСКО комитетінің ресми таныстырылымын пайдалану ұсынылды. Бұл үшін ұсынылған ақпараттың мәні мен КРИРСКО құқық иеленушісінің сілтемелері өзгертілмей сақталуы шарт.


2.3. НОПО мен RPO өзара тануы
Ұлттық ұйымдардың жаңа мүшелерді (Моңғолия, Бразилия, Қазақстан) өзара тану мәселесі осы процестің күрделілігі мен жұмсалатын қаржыға байланысты қозғалды. Өзара тану туралы сұрауларды келесі тәртіппен дайындау ұсынылады: кәсіби бірлестіктер оларды танылатын ұйымдар қатарына кіргізу үшін НОПО сұраулар жібереді. НОПО танылғысы келетін биржаларға сұраулар жібереді. НОПО құрылымы әрбір жекелеген жағдайда жеке болғандықтан, жеке бір жағдайды қарастыру қажет. Тиісінше сұраулардың қарастыру амалдары да ерекшелену мүмкін. Мысалы, ЖҚТСКБ-дан CIM келіп түсетін сұрау бағалы қағаздар жөніндегі комиссияда және CIM мүшелері тарапынан сыналады. Австралияда JORC құрамына кіретін институттардан мақұлдау алуына қарай мүдделі тараптарға танылу жайлы хабарлама береді. Чилиде RPO ұйымы сонымен қатар НОПО болғандықтан, тәсім күрделене түседі. Себебі олар тек құзырлы тұлғалардың ғана емес, кодекстердің де өзара танылуына мүдделі болады. Құзырлы тұлғалар басқа НОПО әрекет ететін аумақта танылған жағдайда юрисдикция шегінде әрекет ететін стандарттар бойынша есептер дайындау керек.

Қазақстандық мамандардың басқа елдердің кодекстерімен танылуының ағымдағы мәртебесі төмендегі кестеде көрсетілген


   Страна  Кодекс  Статус
 1   South Africa  SAMCODES  Қабылданды
 2   Russia  NAEN  Қабылданды
 3   Mongolia  MRC Қабылдану барысында
 4   Canada  CIM Сұрау жіберілді
 5   Australasia  JORC Қабылдану барысында
 6   Chili  Comisión Minera   Қабылдану барысында
 7   Brazil  CBRR   Қабылдану барысында
 8   Europe  PERC Қабылданды
 9   USA  SME

 Сұрау жіберілді

 

КОММЕТАРИЙЛЕР.

Жер қойнауы туралы жаңа кодексте Қазақстан аумағында басқа кодекстерді қабылдау мүмкіндігіне қатысты мәселе ашық қалуда. Бұл үшін олардың ҚР аумағында қолданылу мүмкіндігіне жан-жақты анализ жүргізу қажет болады. Дәл осындай жұмыс KAZRC басқа юрисдикцияларда қолдану кезінде керек болады. Анағұрлым қолайлы амал – KAZRC тек Қазақстан аумағында ғана пайдалануға ұсыну.
KAZRC Кодексіне сәйкес Әлемнің жетекші биржаларында листинг үшін қазақстандық компаниялардың есеп дайындау мүмкіндігі үшін биржалардың түрлі елдердің кодекстерін тану мәселесін талқылауға ерекше мән берілді. KAZRC Кодексі танылу үшін KAZRC жетекші биржалармен (Торонто, Лондон және т.б.) келіссөздерді өз бетінше жүргізу тиіс. Қажет болған жағдайда КРИРСКО Комитеті қолдау көрсететін болады.

2.4. КРИРСКО кодексі шаблонының жаңартылуы

КРИРСКО кодексінің шаблонын жаңарту мәселесі жеке-жеке қарастырылып, талқыланды, экология мәселелерін жаңарту және кеніштерді рекультивациялау қажеттілігі туралы тұжырымдар жасалып, mineral waste ұғымын глоссарийге енгізу ұсынылды.

Бұдан басқа шаблонға зерттелудің (Scoping Study, Pre-Feasibility Study и Feasibility Study)әрбір сатысы үшін қызметтер мен жұмыстардың түрлері бойынша тиісті мән-жайлар қамтылатын №2 кестені енгізу, сонымен қатар минералды ресурстар туралы есепте (MRE) немесе техникалық аудит туралы есепте (DueDiligence) болуы тиіс қажетті бөлімдердің (тараулардың) тізімімен толықтыру туралы шешім қабылданды. SAMREC кодексінің жаңартылған нұсқасына енгізіп, осы тармақтарды КРИРСКО Шаблонына енгізуді ұсынған мұндай толықтыруларды ӨАР делегациясы (Роджер Диксон) ұсынған болатын.

КРИРСКО Шаблоны негізінде әзірленген шаблонның соңғы нұсқасы бекітілген соң тиісті өзгертулер ұлттық кодекстердің бәріне енгізілу тиіс.


2.5. ISO стандарттауы

Стандарттау мәселесі әртүрлі салалар үшін ISO стандарттарын дайындау шараларына орай көтерілді. КРИРСКО Комитеті осы шараларға қатыспау туралы шешім қабылдап, ұлттық ұйымдардың әрқайсысына стандарттауды өз бетінше жүзеге асыру ұсынылды.

2.6. UNFC

Ашық есептілік компаниялары мен биржалар үшін үкіметтік ұйымдар стандарты мен КРИРСКО Кодексі ретінде функцияларды UNFC арасында бөлу аясында UNFC арадағы өзара әрекеттестік БҰҰ -мен ынтымақтастықты нығайту жолында талқыланды.

2.7. КРИРСКО сайты

КРИРСКО сайтын қолдау және оны жаңарту, мобильдік нұсқа әзірлеу. Сайтты жаңартуға қаражат бөліну туралы шешім қабылданды.


2.8. КРИРСКО бюджеті

КРИРСКО бюджеті мен есептілік жөніндегі ұлттық ұйымдарды қолдау. Қайта қабылданған ұйымдарға алғашқы екі жылға 50% мөлшерде, яғни 1000 фунт-стерлинг жарна белгілеу туралы шешім қабылданды. ICMM бөлетін қаражат есебінен КРИРСКО Комитеті мүшелерінің эконом класпен ұшақпен ұшу және қонақ үйлерде тұру шығындары жабылатын болады. Кейін ұлттық ұйымдардың әрқайсысы жыл сайынғы отырыстарға делегаттарды өз есебінен жіберіп отырады деп күтілуде.


2.9. КРИРСКО комитетінің кезекті жыл сайынғы кездесуі

Индонезияның КРИРСКО кіру қадамын жүзеге асыру мақсатында келесі жыл сайынғы кездесуді Джакартада өткізу ұсынылды. Индонезиялық тараптан алдын ала шақыру алынды. Енді CRIRSCO мүшелері мен қабылдаушы ел тарапынан нақтылау жұмыстарын жүргізу қажет.